Ірі кәсіпорын бой көтермек

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласындағы жұмыс сапарын орталық «Жігер» стадионынан бастады. Бұл стадионның соңғы жылдарда ағымдағы жөндеуден өтіп жатқаны жалпақ жұртқа белгілі. Архимед Бегежанұлы жөндеу жұмыстарының қаншалықты жүзеге асқанын өз көзімен көріп танысты.DSC_0329Стадионның жөндеуден өткеннен кейінгі кейпі көңіл толтырады. Бұған дейін шаңдағы шығып жатқан спорт алаңдары жасанды шөппен көмкерілген. Футбол, баскетбол, волейбол, теннист, секіру алаңдары жаңартылып, жүгіру жолдарына резеңке төсеніштер төселді. Жанкүйерлер отыратын орындықтар жаңартылып, спорттық додаларды жүргізетін коментаторлар бөлмесі толықтай жөндеуден өткен. Стадионның қазіргі кейпі қызылды-жасылды реңктерімен көздің жауын алып тұр.
Мердігерлер: ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесi "Еңбек" РМК-ның "Еңбек-Қостанай" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, алматылық "Sports Eguiment" және жергілікті "Алюминстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Биыл ғана күрделі жөндеуден өткен Арқалық қазақ жасөспірімдер театры да көрнекті еңсесімен көрген жанды өзіне баурайды.  Аймақ басшысы өнердің қара шаңырағына арнайы ат басын бұрып, ондағы тыныс-тіршілікке қанықты. Күзге салым республикалық деңгейде өткелі жатқан Кейкі батырдың атажұртқа оралған бас сүйегін жерлеу рәсіміне байланысты ауқымды шаралардың бірсыпырасы осы театрда өтеді. Республикалық ғылыми конференция, ақындар айтысы сынды шоқтықты шаралар жоспарланған. Архимед Бегежанұлы театр репертуарына баса назар аударып, оның ішінде Кейкі батырға арналған қойылымның міндетті түрде болуын тапсырды.DSC_0348Арқалық политехникалық колледжі де күрделі жөндеуден өтуде. Қайнаған құрылыс жұмыстары қысы-жазы саябырсыған емес. Облыс әкімі іс барысымен тағы бір мәрте қанықты. Олай дейтініміз Архимед Бегежанұлы бұл жерге осы көктемде ғана ат ізін салған болатын.Колледждің күрделі жөндеуден өтуі – өңір халқы үшін өте маңызды. Өйткені, бұл білім ордасында ел экономикасын көтеруге бірден бір ықпал ететін техникалық білім беріледі. Биылғы жылдан бастап Елбасы Жолдауына сай ел халқына техникалық білімнің қолжетімді, тегін берілетінін ескерсек, құрылыс жұмыстарының тиянақты аяқталуының қаншалықты маңыздылығы бар екендігін аңғару қиын емес.
Қазір колледжде жөндеу жұмыстарының көбі бітті. Десе де, мердігерлердің көп болуына байланысты кейбірінің жұмысы кешеуілдеп жатқаны да байқалады.DSC_0371-Салауатты өмір салтын ұстану керек. Колледж спортзалы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілсе, қалада тағы бір дене шынықтыру объектісі қатарға қосылады деген сөз,-осылай деген Архимед Бегежанұлы мердігерлерге құрылыс жұмыстарын белгіленген межеден кешеуілдетпеу қажеттігін ескертті.
Архимед Бегежанұлы келесі кезекте "Жас – Ұлан" жасөспірімдер орталығына аялдады. Орталық директоры Елена Цвентух кешенді жұмыстарымен кеңінен таныстырды.
Облыс әкімінің тікелей ықпалымен салынғалы жатқан ет комбинатының құрылысы аса маңызды. Арқалық ет өңдеу кешені жобасының құны – 900 млн теңге. Қуаттылығы тәулігіне 10 тонна ет, 3 тонна шұжық және 1 тонна консервіленген өнімдер шығару. Пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың 1 мамыры. Жобалық қуаттылығына шығу кезеңі 2020 жылдың 1 тоқсаны. Жоба аясында құрылыс уақытында 60 адам, пайдалануға берілгеннен кейін 120 адам еңбек етпек. Меншік иесі – "Алюминстрой" ЖШС.DSC_0387-Бүгін біз тарихи шешім қабылдап жатырмыз. Қостанай облысындағы ірі кәсіпорын бой көтермекші. Арқалық тұйықтықтан арылады. Теміржол бар. Болашақта орталық батыс тас жолы болады. Ең басты мәселе жұмыс орнын ашу. Жанкелдин ауданына барып шару қожалықтарымен ақылдасып, ақсақалдармен кеңескенде, Аманкелді ауданында өткен түрлі жиындарда да көтерілген ең басты мәселе – барлығы мал шаруашылығымен айналысып отырғаннан кейін өндірген етті сату. Қостанай және еліміздің өзге қалалары қашық. Түрлі мәселелер орын алады. Яғни, ол жақтарға апарып өнім өткізу бұл өңірлердің тұрғындары үшін экономикалық жағынан тиімді емес. Сондықтан, біз Арқалық қаласын таңдап алдық. Қазіргі таңда барлық ғимараттар дайын. Тек құрылғы керек. Біз бұл іске барынша қолдау жасаймыз. Мамандарды осы бастан даярлай беру қажет. Ет сату кешені арқылы Арқалық қаласы, Жанкелдин, Аманкелді, Науырзым аудандары үшін тиімді орта құрмақшымыз. Бұл әлеуметтік жоба болу керек. Сонда ғана ет тапсырыс мәселесіндегі қиындықтар шешіліп, өнім өндірушілер жұмысы ілгері басады, – деген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аталған қала, аудандардың басшыларына мемлекеттік "Сыбаға", "Құлан", "Алтын асық" бағдарламалары арқылы мал басын көбейту шараларын қолға алуды қадап тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі сапар барысында егіс алқаптарында болып, өңірдегі егін шаруашылығына да ден қойды.  
 
Мұрат Жүнісұлы.
Суретті түсірген автор
 Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓