Заң аттап, аң атқандар ұсталды

           Қостанай гарнизонының әскери сотына заңсыз аңшылыққа шыққандары үшін айыпталған 2032 санды әскери бөлімнің әскери қызметкері прапорщик А.В. Полятычко мен азамат  Б.Қ. Төлегеновке қатысты қылмыстық іс түсті.
           Олар осы жылы 25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Долматов селосының маңында  қар үстімен жүретін  техника мен атыс қаруды қолданып, заңсыз бес сібір киігін атып алып, мемлекетке 1 060 500 теңге көлемінде елеулі нұқсан келтірген үшін айыпталды.
           Алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан кезде, айыпкерлер кінәларын толық мойындап, процессуалдық келісім-шарт жасады.
                   Іс бойынша сот талқылауы  28 шілдеде болады.
 
Қостанай  гарнизонының 
әскери  соты

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓