Ұстаздар назарына!

Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы  филиалдарында  педагогикалық қызметкерлер  мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына байқау жариялайды.49d66f32a87f14f98934112810bfcf3dОсы хабарлама  бос лауазымдар және  уақытша қызметте жоқ жұмысшылардың орнына  №1 қосымшаға сәйкес  өткізіледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Мұғалім-стажер: жоғары педагогикалық білімі немесе салаға сай кәсіби білім/бакалавр дәрежесі, еңбек өтілі талап етілмейді,  қазақ тілі мұғалімі үшін мемлекеттік тілді білу деңгейі «ортадан жоғары», басқа пән мұғалімдері үшін «қарапайым деңгейден» төмен болмауы керек; орыс тілі мен ағылшын тілін білуі керек,  ағылшын тілі мұғалімдері үшін  тілді білу деңгейі  IELTS-5.5, APTIS-B2, TOEFL-65-71,  АҚТ дағдыларын меңгеруі керек.
Мұғалімнің ассистенті жоғары педагогикалық білімі немесе салаға сай кәсіби білім/бакалавр дәрежесі, еңбек өтілі талап етілмейді. 
Байқау 2  қосымшаға сәйкес белгіленген  күндері өткізіледі (сағат 9.00 тіркеу, сағат 10.00 тестілеу  басталады).
Толық ақпаратты кадрлар бөлімінен телефон арқылы алуға болады. (№2 Қосымшаны қараңыз)
Байқау үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – тестілеу, екінші бөлім – шығармашылық, үшінші бөлім – сұхбаттасу.
(Сіз мектеп сайтында көрсетілген сілтеме арқылы  электронды тестілеуге онлайн тіркеуден өте аласыз).
Байқауға қатысу келесі құжаттарды өткізуіңіз керек:
  1. № 3 Қосымшаға сайбайқауға қатысушының өз қолымен толтырған тіркеу парағы;
  2. Жеке төлқұжат немесе паспорттың көшірмесі (кандидат тиісті құжаттың түпнұсқасын байқауға келгенде көрсетеді);
  3. Нотариалдық немесе басқа заңнамалық орнатылған тәртіпте расталған еңбек жолын растайтынқұжат көшірмесі;
  4. Суреті бар түйіндеме;
  5. Кәсіби білім мен біліктілікті растайтын құжаттар;
  6. 1 дана 3х4 фото;
  7. ҚР заңнамасымен бекітілген нұсқадағы медициналық анықтама;
  8. және алған атақтары, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және т.б құжаттардың көшірмесі).
Мектеп, қала
Лауазымы
Бос орын саны
Оқыту тілі
Қосымша
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Ағылшын тілі мұғалімі
3
Ағылшын тілі
 
Биология мұғалімі
2
Қазақ тілі-1, орыс тілі-1
 
Информатика мұғалімі
1
Орыс тілі
 
Өнермұғалімі
2
Қазақ тілі-1, орыс тілі-1
 
Қазақ тілі мұғалімі
2
Қазақ тілі
 
Математика мұғалімі
5
Қазақ тілі-3, орыс тілі-2
 
Физика мұғалімі
3
Қазақ тілі-2, орыс тілі-1
 
Дене тәрбиесі мұғалімі
2
Қазақ тілі, орыс тілі
 
Химия мұғалімі
3
Қазақ тілі-2, орыс тілі-1
 
Тарих мұғалімі
1
Қазақ тілі
 
Жаһандық перспективалар мен жобалық жұмыс мұғалімі
3
Ағылшын тілі
 
Барлығы:
 
27
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓