Е.Сағадиев: “Мұғалімдер жалақысын көтереміз”

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен ұстаздардың жалақысын көтеруге үмiттi екендiгiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.сагадиев
«Қазiргi таңда мамандық таңдауға келсек, педагог перспективтi мамандық деп айтуға болады. Өйткенi, шартты түрде алып қарасақ, 11 сынып пен колледждерде 18 жастағы 220 мың оқушы болса, мектепке дейiнгi даярлық топтарында 400 мыңға жуық бала оқиды. Яғни, алдағы уақытта балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарына 200 мыңға жуық жаңа педагог қажет болады деп топшылап отырмыз. Ал жылына 25 мың жас педагог оқуын бiтiрiп шығады. Бiлiм саласы – жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылатын сала», – дедi Ерлан Сағадиев.
Сондай-ақ, министр өз сөзiнде мұғалімдердің жалақысы аз екендiгiмен де келiстi.
«Бiз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Барлық жаңашылдықты, оның iшiнде қаржылық жағдайды педагогтармен, Үкiмет және Мәжiлiспен талқылау керек. 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен ұстаздардың жалақысын көтеремiз деген үмiттемiз. Жалпы, ЖОО, мектеп пен балабақша саласында жекеменшiк сектордың кеңеюiнен педагог мамандығы перспективтi болады деп ойлаймыз», – дедi Е.Сағадиев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓