Ғылым мен бизнес – бағыттас

Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылауға арналған «Қазақстан аграрлық ғылымының бәсекеге қабілетті жетістіктері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.брепинк       Брифингте Қазақстанның АӨК инновациялық дамыту бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатындағы Қазақстанның аграрлық ғылымы алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланды.
            Қазақстанның аграрлық ғылымында өсімдік пен мал шураушылығында кең қолданылатын өзінің бәсекеге қабілетті жетістіктері бар.
            «Қазіргі уақытта Қазақстанның аграрлық ғылымы жалпы соммасы 4,9 млрд теңгені құрайтын 200-ден астам грант пен 27 ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруда. Зерттеулердің бағыты ылғал сақтау, органикалық және егіншілік технологияларын, тауарлық балық шаруашылығын, қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылық өнімін өңдеуді дамытуға бағытталған», – деп атап өтті «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Асқар Нәметов.
                ЖОО мен ғылыми зерттеу институты базасында инновацияларды енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесінде коммерциализациялаудың 12 кеңсесі құрылған. 646 зерттемелерден тұратын деректер базасы жасалған. Бүгінде бәсекеге лайықты және ең қажетті деген 82 жобаның базасы жинақталулы. Аталмыш әзірлемелер коммерциализацияға және таратуға дайын.
            Қазақстанның аграрлық ғылымының стратегиялық мақсаты – агробизнестің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған ғылыми негізделген және бәсекеге қабілетті өнімді алу. Ал жаңа технологиясыз, бәсекеге қабілетті кадрларсыз бұл мақсатқа жету қазіргі заманда мүмкін емес. Тағы бір өзекті мәселе – ғылым мен бизнесті ұштастыру. Яғни сапалы өнім алу жолында ғалымдар мен диқандар тізе біріктіре жұмыс істеуді бір ізге түсіру қажет. Дей тұрғанмен, ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігі ғылым және өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл фермерлер үшін минималды шығындармен инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің санын 10%-дан 25%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
            – Негізінде, өсімдік шаруашылығын дамытуда соңғы талаптарға жауап бере алатын жағдайға жеттік. Сапалы сұрыпты дән егу жөнінен де жетістіктер уақыт озған сайын молайып келеді. Экономикалық тиімді өнім алуға баса мән берілуде. Салаға қатысты ғылыми табыстарды да ауыз толтырып айта аламыз. Мәселен, бидайдың "Айна" атты Қарабалық сұрыбы әзірленді. Тек осы сынды элиталық сұрыптар әзірге елдегі егіс алқабының 4 пайызына ғана себіледі, – деп атап өтті А.Мырзахметұлы.
Оның айтуынша, атқарылып жатқан ғылыми жұмыстар қыруар, бірақ солардың барлығымен бірдей халықты ақпараттық қамсыздандыру тиісті деңгейде мүмкін болмай жатыр.
            Баспасөз мәслихатына Қазақстан ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты серіктестігінің Қостанай филиалы директоры В.Астафьев және "Қазақ тұлпары" ЖШС директоры Н.Кикебаев та қатысып, тілшілердің салаға қатысты сауалдарына жауап берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓