Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен «Қазақтелеком» АҚ «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қызметіне байланысты бірыңғай байланыс орталығын іске қосты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.связь Байланыс орталығы уақтылы және үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, ЭКСПО-2017 көрмесінің клиенттік топтары хабарламаларын тәулік бойы қабылдау мақсатында ұйымдастырылды. 
Байланыс-орталығының жұмысын «Қазақтелеком» АҚ-ының еншілес компаниясы «KT Cloud Lab» ЖШС қамтамасыз етеді.
Байланыс орталығы тәулік бойы үзіліссіз 1440 және 8 800 080 2017  байланыс номерлері арқылы жұмыс істейді. Байланыс орталығына қоңырау шалу ұялы байланыс абоненттері және Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық тұрақты телефон байланыстары үшін тегін. Қоңырау шалушыларға 120 оператор қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде қызмет көрсетеді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓