Рудныйға “динозаврлар” келді

Рудный қаласына Санкт-Петербургтен "Динозаврлар әлемі" атты балауыз пішіндер музейінің жылжымалы көрмесі келді.дино
Қала тұрғындары ай бойы ежелгі алып кесірткелер көрмесін тамашалай алады. Ол жерден тек киондан, кітаптан көріп, оқыған тиранозавр, птеродактиль, трицераптос, стегозавр, плезиозавр және өзге де тұқымы жойылған жыртқыш мақұлықтармен жақын "таныса" алады. Ойыншық та болса, кескіні сұсты динозаврлардың барлығы дерлік роботтандырылған – қозғалады, үн шығарады.
– "Динозаврлар әлемі" көрмесі Алматы мен Астанадан басқа Қазақстанның барлық қалаларында болған. Көрме Рудныйға Өскемен қаласынан келіп тұр. Таяу арада қайтадан Ресейде турымызды жалғастырамыз,- дейді интербелсенді көрменің директоры Дмитрий Кононенко. – Қорымызда 12 экспонат бар. Олардың биіктіктері үш метрге, ұзындықтары төрт метрге дейін жетеді. Роботтандырылған "мақұлықтар" басын, аяғын қозғалтып, аузын аша алады және айбатты дауыс шығарады. Пішіндерді Санкт-Петербург суретшілері мен мүсіншілері әзірледі. дно
Көрмеге қызығып келушілердің дені – балалар мен жасөспірімдер. 4 жасқа дейінгі балалар көрмеге тегін кіре алады. 1, 2 топтағы мүгедектердің де ақысыз тамашалауға мүмкіндігі бар. 3 және 4 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдік қарастырылған.   
"Хорошое дело" сайтынан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓