Есірткімен тұтылды
Қостанай ІІБ-ның есірткі бизнесімен күрес бойынша бөлімінің қызметкерлері 13 мамыр күні 47 жастағы рудныйлық әйел азаматтан 114 грамм есірткі тәркіледі. Тінту кезінде күдіктіден алты орамаға жасырылған героин табылған. Мұншама салмақ аса ірі көлемге жатады.
Күдікті бұған дейін де дәл осындай қылмысы үшін істі болған.
Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.