Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қостанай қаласындағы жолдарды жөндеуге 5 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды "Наш Костанай" сайты.жол
Ауқымды жұмыстарға байланысты, мамандар жергілікті көлік жүргізушілерін төзімділікке шақырып, уақытша жабылған көшелермен өтпеуді, тәртіп сақтауды өтінеді. 
Дәл қазіргі уақытта үш көше учаскесінде: Лермонтов, Набережный және Майлин көшелерінде жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Майлин көшесіндегі жұмыстардың 2016 жылы басталып, биыл жалғасын тапқанын айта кету керек. Бұл нысанның мәселесін «АБЗ+» ЖШС иелігіне алды.  Биыл аяқталуы тиіс. Ал Лермонтов көшесіндегі жұмыстар екі жылға созылмақ. жол2– Облыс оталығындағы сегіз көшеге орта деңгейлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мердігерлер қазіргі кезде Баймағамбетов көшесінің Гагарин-Әл-Фараби және Дощанов-Абай көшелерімен қиылысатын аралықтарын қалыпқа келтіріп қойды. Ендігі қалып отырғаны – Рудненский, Садовый, Буденный көшелері. Онымен "Аяз" ЖШС айналысады. Мұның сыртында, Гоголь, Пушкин, Қайырбеков және Маяковский көшелеріндегі жұмыстар қарқынды жүріп жатыр, – деп мәлімет береді қалалық әкімдіктің ТКШ, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімінің инспекторы Шыңғыс Омаров.  Лисаковск жолдарыыы!
Осы жылы Абай даңғылының Тәуелсіздік көшесімен қиылысатын аралығына, Карбышев, Уральский к-сі мен әуежайдан Карбышев көшесіндегі айналма жолға дейінгі учаскеге күрделі жөндеу жүргізіліп, жыл ішінде аяқталады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓