Досын опат етті

Қайғылы оқиға Қарабалық ауданында 9 мамыр күні болған. Полицейлер мәліметінше, екі жергілікті тұрғын мерекені тойлату желеуімен спирттік ішімдікке сылқия тойған. Олардың таныстығына бірнеше жыл болса керек. "Стақандас" болғандарына да аз уақыт өтпепті. Жылдағы дәстүрге салып Жеңіс күнін атап өтуге арналған басқосулары оқыс арнаға бұрылды…пышакКенеттен екі "достың" ортасын дау бөледі: бірінің есіне екіншісінің әйелін ренжіткені сап ете түскен. Көңіл-күйсіз отаға ұрыс-керіс ушығып жатқан сәтте "ауызбастырық" турап отырыпты. Басына бірден дұшпан-ой келсе керек –қолындағы пышағымен ашуына тиген серігінің кеудесінен соққы жасайды.
Кейін анықталғандай, бұл соққы жәбірленушінің ішкі ағзасын ауыр зақымдаған. Жарақат қалайда ары қарай өмір сүруге "кешірім" бермес еді дейді мамандар. Дей тұрғанмен, жапа шегуші қансыраған қалпында орнынан тұрып, көшеге, жол жиегіне шыққан. Әл-дәрменінің жеткен жері де сол маң болыпты.
Ал күдікті, шамасы, өзінің әрекетіне есеп беріп үлгерісімен, досының туған-туыстарының үйіне қарай жүгірген. Оларды шақырып әкеліп, шала жансар азаматты үйіне дейін жеткізуге көмектесіпті.  
Бірақ бұл кеш жасалған қамқорлық оны ақтамайды. Ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталды. Тіпті, оның ұрлық қылғаны, жеке тұлғаға қарсы заңсыздық жасағаны үшін бұған дейін де істі болғаны ескерілсе, ендігі кесілер жаза да өте ауыр болмақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓