“Бабалар ізімен” экспедициясы
Атақты жиһанкез жерлесіміз, Халықаралық туризм және спорт академиясының академигі Сапар Ысқақов бастаған «Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедициясы Арқалыққа ат шалдырды.Сапар барысында топ мүшелері қала басшылығымен жүздесіп, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында студенттермен кездесу өткізді.
Екі айдан астам уақыт ішінде 22 елді аралауды жоспарлаған экспедиция қадамы Қазақстаннан басталып, Ресей,ТМД елдері мен Еуропада жалғасады деп белгіленген.
"Басты мақсатымыз – бабаларымыздың ежелден қазіргі заманға дейінгі көшіп-қону бағытын анықтау. Тарихи деректерді зерттеп, зерделеу",-дейді шараны ұйымдастырушылар.
Экспедиция құрамына саяхатшылармен қатар ғалымдар мен журналистер топтастырылған. Яғни, сапар барысынан жиі ақпарат беріліп, түйінінде деректі фильмдер топтамасы жарық көрмек.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.