Салауатты тамақтану – денсаулық кепілі
Бүгін қаламыздағы “Үміт-Надежда” қоғамдық бірлестігі облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының тапсырысы бойынша “Жүректен жүрекке” жобасын қолға алған болатын. Міне, осы жоба аясында қоғамдық бірлестік мүшелері орталық саябақта “Дұрыс тамақтан!” деген ұранмен акция өткізді. Шараға мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, жалпы қала жұртшылығы жұмылдырылды.-Мұндай акцияны тек облыс орталығында ғана емес, алдағы апталарда Қарасу, Қостанай, Сарыкөл аудандарына барып өткізуді жоспарлап отырмыз. Шара аясында аудан, ауыл тұрғындары дене салмағын өлшетіп, мамандардан салауатты тамақтану туралы тегін кеңестер алатын болады, – дейді “Үміт-Надежда” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Аруна Жақсығұлова.Акция барысында қоғамдық бірлестік белсенділері жиналғандарға дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстанудың қағидаларын айтты. Ортаға шығып би билеп, түрлі викториналық сұрақтарға жауап берген белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ