Жеңіс сыйлаған жандар

Арқалық қалалық Қорғаныс бөлімінің ұжымы Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін арнайы үйлеріне барып құттықтады. Бүгінгі таңда қала бойынша төрт ҰОС ардагері есепте. Олар: Ф. Яков, Ф. Романенко, Т. Пуцыкина, Т. Әбжан.IMG_9253
 ҰОС ардагері, запастағы полковник, Қазақ ССР ауылшаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері Федько Яков 1924 жылы Қостанай облысы, Федоров ауданы, Пешков селосында дүниеге келген. Беларус майданына қатысушы. Орш, Минск, Вильньнюс, Каунас, Кенисберг қалаларын азат етуші. "Екінші деңгейлі Ұлы Отан соғысы", "Қызыл жұлдыз", "Ленин", "Октябрь революциясы" ордендерінің және бірнеше медальдардың иесі.IMG_9202
 ҰОС ардагері, полиция полковнигі Федор Романенко 1922 жылы Қостанай облысының Федоров селосында дүниеге келген. №883 полк, 193 атқыштар дивизиясы құрамында Сталинград майданына қатысушы. "Екінші деңгейлі Ұлы Отан соғысы" орденінің және бірнеше медальдардың иегері.IMG_9247
Тамара Пуцыкина Смоленск облысы, Велижевскийауданы, Логун селосында өмірге келген. Беларус майданына қатысушы. "Екінші деңгейлі Ұлы Отан соғысы" орденінің және бірнеше медальдардың иегері.IMG_9176
 
IMG_9271Жақында ғана ғасырлық тойын атап өткен Фин және ҰОС ардагері Тоқай Әбжан ақсақал Қостанай облысы, Аманкелді ауданының тумасы. Соғыстан кейінгі жылдарда мал шаруашылығының өркендеуіне зор үлесін қосқан жан. Бірнеше орден медальдардың иесі.
 
МұратЖүнісұлы
Арқалыққаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓