Жеңіс күнін қалай атап өтеміз?
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Жеңіс күнін тойлатуға арналған жоспарды жариялады. Мерекені атап өту қаланың шағын аудандарында мамыр айының 8-нен басталып, 10-на дейін жалғасады.
8 мамырда "Мирас" ойын-сауық орталығында "Ел мен ердің Жеңісі" атты театрландырылған мерекелік шара өтеді. Осы күні "Жеңіс мұрагерлері" аталатын акция ұйымдастырылып, оған жүз шақты адам қатысады. Сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін мото және автошеру өтпек. Шерушілер "Астықжан" СҮ алдындағы алаңнан мәре алады, Абай даңғылы – Тәуелсіздік – Баймағамбетов көшелерін басып өтіп, Жеңіс саябағына барады.
8-10 мамыр аралығында Қостанай қаласында Жеңіс күніне арналған дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында біріншілік өтеді. Өтетін орны – кәсіподақтар үйі. Сағат 10.00-де басталады.
9 мамыр күні сағат 10.00-де облыстық әкімдік алдындағы алаңда "Мәңгілік полк" азаматтық-патриоттық акциясы өтеді.
10.30-да – ҰОС жылдарында қаза тапқан қостанайлық жауынгерлер Мемориалына тағзым жасау үшін сап құру, гүл шоқтарын қою рәсімі (Баймағамбетов көшесі бойымен Жеңіс саябағына дейін)
11.00-де – ҰОС жылдарының құрбандарын еске алуға арналып, Мәңгілік алау қасында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» митингі өтеді (Жеңіс саябағы).
11.30 – Жеңіс саябағындағы екі сахналық алаңда "Жеңіс әндері" атты концерттік бағдарлама өтеді. Сол жерде әскери-алаңдық асхана жұмыс істейді.
18.00-ден 23.00-ге дейін Сити-орталықта үрмелі аспаптар оркестрінің қатысуымен "Песни на все времена" атты музыкалық-би бағдарламасы болады. Сонымен қатар, джаз оркестрінің сүйемелімен "Өмір неткен керемет!" концерттік бағдарлама және "Керуен" ВИА қатысуымен ретро-әуендер концерті өтеді, қаланың солистері мен шығармашылық ұжымдар "Мамыр вальсі" атты бағдарламамен тұрғындарды құттықтайды.
10 мамырда сағат 9.00-16.00 аралығында "Естелік" аталатын жеңіл атлетикалық марафон ұйымдастырылады (Жеңіс саябағы, Қостанай-2)