Кеңшілік Мырзабеков – “Бір мысқал мұң”

Бүгін – қазақтың Кеңшілігінің туған күні. Атақты ақынның өлеңдерін бейнежазба нұсқасында сайтымызға бұған дейін де жариялаған едік. Болмысы бөлек, екпіні ерек жырларын қалың қауым ыстық ықыласпен қабылдады. Кеңшіліктің кереметін бүгін сіздермен тағы бөліскіміз келіп отыр. Құрметті "ҚТ-муза" қонақтары, сұрапыл ақынның "Бір мысқал мұң" атты өлеңін тыңдап көріңіздер! 

 
 
Кеңшілік Мырзабеков (1946-1989) Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Жәнібек Тархан (қазіргі Ақшығанақ) ауылында дүниеге келген. Шоқтығы биік шайырдың “Іңкәр дүние” (1990), “Бір мысқал” (1996), “Жолға салдым көшімді" (2002), “Менің мұңым – махаббат” (2003) атты жыр топтамалары мен “Тың туралы толғау” (1987) атты мақалалар, очерктер жинағы бар.  
 
Өлеңді оқыған Нұрислам Жұмакенов
("Қостанай таңы" мұрағатынан)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓