Жан баураған “JAIDARMAN ”

Қазақстан КВН одағы республикалық жастар қоғамдық бірестігінің Жобасы бойынша Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен Арқалықтағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында "JAIDARMAN" ойындарының жазғы кубогы өтті.
DSCN4593 Республикалық деңгейде өткен әзілкештер мен тапқырлар сайысына Астана, Қостанай, Арқалық қалалары мен Аманкелді ауданынан барлығы 9 команда қатысып, жарыстың "Жамбы ату", "Сәлемдесу" кезеңдері бойынша сынға түсті.
 Жайдары жаздың кешіндегі жайдарман ойындарына көрермендер көптеп жиналды. Тек қана жиналып қоймай сахнаға шыққан ойыншылардың ұтқыр әзілдері мен әртістік шеберліктерін шынайы қолдап, қуаттап отырды.
 Жоғары дәрежедегі ойынға жоғарыда аты аталған облыстық басқарманың бас маманы А. Қаратаева төрағалық жасады. Облыстық "JAIDARMAN" жастар қоғамдық бірлестігінің директоры М. Бәкірдің өзі келіп жүргізді.
  Жарыс нәтижесіне тоқталсақ, жүлделі бірінші орынды Астаналық "Айналайын" командасы жеңіп алды. Екінші орынды Қостанай қаласының еркін құрама командасы иеленді. Үшінші орын Рудный қаласының "Бес саусақ" командасының қанжығасына байланды. Рудныйлық ойыншы Н. Тұрдыбеков "Жазғы маусымның үздік ойыншысы" болып танылды.
  Жүлдегерлер мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
                                                                       
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓