Жыл жаман басталған жоқ

Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсаны бойынша облыстық экономикалық даму қорытындысында оң өзгерістер басым. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен  өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде сөз болды. 2017 жылдың алғашқы үш айына талдау жасаған облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова  өткен жылғымен салыстырғанда биыл бірқатар салада өсімнің бар екендігін баяндап берді.IMG_2203Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімдері 4,5 %-ке өскен. Мұның ішінде тау-кен өнімдерінің үлесі 3,8 %-ке тең. Жалпы алғанда қостанайлықтар биылғы жылдың алғашқы үш айында барлығы 75 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Жан басына шаққандағы индекс көлемі 106,8 %-ке жеткен. Әсіресе, машина құрылыс, ауылшаруашылық, тау-кен саласында ілгерілеушілік басым. Дегенмен, Қарабалық, Ұзынкөл, Алтынсарин аудандары мен Арқалық қаласы сияқты өңірлерде азық-түлік өндірісіне жүрдім-бардым қараушылық бар. Аты аталған қала, аудан әкімдеріне облыс басшысы тиянақты сараптама жүргізіп, анық қай нәрсенің ақсап жатқандығын анықтау қажеттігінін тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары айтқандай, мал шаруашылығы саласы да жыл озған сайын өркендеп келеді. Негізі, бұған «Сыбаға», Алтын асық», «Құлан» тәрізді мемлекеттік бағдарламалар тың серпін беріп отыр. Соның арқасында өңірде соңғы кезде мал басы едәуір артыпты. Бұл шара бұдан былайғы уақытта да жалғаса беретін болады.
-Жалпы, облыс экономикасы оң өзгерістерге толы. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Сондықтан, алдағы уақытта аудан,қала әкімдері экономика өсімін қамтамасыз ету үшін тынбай еңбек етуі тиіс. Алдымен, жоғарыда аталған мәселелер бойынша терең сараптама жасап, жіберген кемшіліктерден нақты қорытынды шығаруы керек,-деді аймақ басшысы.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓