Тобылдық футболшы қоржынға бір ұпай салды (Бейнебаян)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін сәтті бастады. Отандастарымыз Астанада Польшамен 1:1 есебімен тең ойнап, топтағы алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Бірінші таймда Польша құрамасы екі доп басымдығымен алға шықты. 9 минутта Қазақстан құрамасының қорғаушылары қателікке бой алдырып, бұл сәтті Бартош Капустка голға айналдырып кетті. 35 минутта айып алаңында Елдос Ахметов Роберт Левандовскийге қарсы ереже бұзып, бас төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Мюнхендік «Бавария» шабуылшысы пенальтиден мүлт кетпеді.
photo_76743
Екінші таймда ұлттық құрама мүлдем басқа ойын өрнегін көрсетті. 51 минутта тобылдық шабуылшы Сергей Хижниченко өзіне асырылған допты сәтті тоқтатып, есепті қысқартты. Шабуылын үдеткен Қазақстан құрамасы сегіз минуттан соң таразы басын теңестіре білді. Мақсат Байжановтың асырған добын Сергей Хижниченко қарсыластар қақпасына тоғытты. Осылайша, "Тобыл" шабуылшысы іріктеу кезеңдегі сұрмергендер көшін бастады. Еске сала кетейік, 25 жастағы шабуылшы ұлттық құрама сапындағы өзінің 39-ойынында сегізінші голын соғып отыр.
 
Қазақстан Әлем чемпионатының Еуропа құрлығы бойынша iріктеу кезеңінде Е тобына түскен. Біздің топта Польшадан бөлек, Дания, Черногория, Армения, Румыния құрамалары бар. Қазақстан 8-қазанда сырт алаңда Черногория құрамасымен кездеседі.
 
https://www.youtube.com/watch?v=iuN-o-42zRk
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓