Мектептер заңсыз жұмыс істеген

Қостанай облысында екі мектеп лицензиясыз жұмыс істеген. Бұл туралы облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасов аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовке баяндады.
Таран ауданындағы Смайлов орта мектебінде мүлде лицензия болмаған, ал Қостанай ауданындағы Алтынсарин орта мектебі жалпы орта білім беру дәрежесі бойынша лицензияға берілетін қосымшасыз жұмыс істеп келген.XSDB6tq4yPE-Таран аудандық сотының шешімімен Смайлов орта мектебі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі жүз мың теңге көлемінде айыппұл салынып, білім беру лицензиясынан айырылды. Барлық әкімдіктер мен құқық қорғау мекемелеріне заңсыз жұмыс істейтіндерді бақылауға алу туралы хат жолдадық,- деп мәлім етті Орал Қаппасов.
Облыс әкімі бұл білім ошақтарының болашағы жайлы сөз қозғады. Егер заңға бағынбайтын болса, жауып тастау керек екенін де айтты.
Ал, О.Қаппасовтың айтуынша, мәселен, Смайлов орта мектебін қайта жандандыруға болады-мыс.
-Тарандағы мектепте бала саны жетерлік. Мұнда тек материалдық-теникалық жағдай кемшін, жергілікті билік бұл олқылықтардың орнын толтырса, мектеп өз жұмысын әрімен жалғастырар еді,-дейді департамент басшысы.
Сондай-ақ, облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы соңғы 5 жылда өңірдегі мектеп саны 10 пайызға қысқарғанын алға тартып отыр. 55 бастауыш және орта білім беру мекемесі өз лицензиясының және оның қосымшасының тоқтатылуын өтініп өтініш жазған. 2 мектептің лицензиясы сот шешімімен тоқтатылыпты. Олар: Федоров ауданы, Владыкин ауылдық мектебі және Таран ауданындағы Смайлов орта мектебі.
Облыс әкімі бұл ақпарттарға бей-жай қарамады. Жауапты тұлғаларға мәселені қолға алып, дереу түйіткілді шешу керектігін айтты:
-Егер бала саны азайып жатса, мектепті жабуға болады, ал мұнда мүлдем басқа проблема. Аты аталған мектептерді бақылауда ұстаңдар. Оқу жылының аяғында тағы бір тексеріп өтеміз. Сол нәтижеге байланысты қорытындалыры да шығады,-деді Архимед Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓