Ескі зират өртенді

Қостанайдағы ескі зираттың территориясында өрт шықты. Бұл туралы куәгерлер Alau.kz тілшілеріне хабарлаған.
ортҚостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің баспасөз қызметіндегілер кезекші бөлімге шақырту 12.20-да түскенін айтады.  Қоңырау шалушы өрттің "Нариман базары" және "Поликлиника" аялдамаларының арасында орналасқан зиратта болып жатқанын айтқан.
"Оқиға орнына бір автоцистернамен қаланың өрт сөндірушілері жөнелтілді. Қазіргі уақытта 90 шаршы метрді өрт шалғаны белгілі болды", – дейді облыстық ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 
Өрттің себебі анықталып жатыр. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓