Арнайы курста тәжірибе жинақтады
Еліміздің он бес облысынан келген тоқсан үш түлек ҚР ІІМ Қостанай академиясының арнайы курсынан өтті.
Екі айдың ішінде тыңдаушылар қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару, қылмыстық құқықтары, арнайы техника, атыс даярлығы мен жауынгерлік күрес әдістерін және т.б. оқып үйренді. Тыңдаушыларға құқық қорғау органдарындағы біліктілігі мол оқытушылардың дәріс оқығанын айта кеткен жөн. Тәжірибе жинақтаушылар облыстық өлкетану және Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің мұражайына экскурсияға барды. Курс соңында оларға сертификаттар тапсырылды