Несие берді
"Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" бағдарламасының екінші бағыты бойынша Аманкелді ауданына 45 миллион теңге бөлінді.

Арнайы комиссия 17 адамның бизнес-жоспарын жоғары бағалап, 36 миллион 500 мың теңге несие берді. Қалған 4 адамның құжаттарын несие беруші "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамының қарауына ұсынды.