Электр желілерінің ерекшеліктері

Электр энергетикасы – энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті – электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.169624181_1_261x203_uslugi-elektrika-schuchinsk
Тұтынушылармен электр энергиясымен жабдықтау шарты мына құжаттар негізінде жазбаша түрде жасалады: 1) тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі (көп пәтерлі құрылыс объектілерінде тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда); 2) электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісі; 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмелері; 4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы құжат немесе электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі; 5) жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсынып, электрмен жабдықтау шартына қол қоюға құқығы бар тұлғаға берілетін бұйрық (сенімхат); 6) техникалық шарттар (көп пәтерлі құрылыс объектілерінде тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда); 7) жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісіммен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері (жеке тұлғалар үшін); 8) тұрғын үйде (пәтерде) тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат. Объектілердің иесі ауысқан жағдайда, техникалық шарттарды беру талап етілмейді.
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желілеріне рұқсат алу үшін техникалық шарттарды кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне береді.
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:
қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі – кВт) дейінгі электр қондырғыларына – 5 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына – 10 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына – 15 жұмыс күнінің ішінде.
         Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттарды қосалқы тұтынушыларға тұтынушының келісімімен беруіне жол беріледі.
 
Нұрлан Қуатов,
атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаментінің басшысы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓