Республикалық байқаудың жеңімпазы

Үрпек ауылдық округіндегі Жаңа ауыл орта мектебінің оқушысы Асқар Еркінұлы Әлімжан  – дарынды оқушылардың бірі. Ол аудандық балалар музыка мектебінің Үрпек ауылындағы филиалында домбыра пәні бойынша сабақ алады. Өткен жылдың аяғында күйші балалардың республикалық байқауында композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін өте шебер орындап, бірінші орынды жеңіп алды.куйАсқар оның алдында аудандық және облыстық күйшілер байқауында да жақсы өнер көрсеткен болатын. Оның ұстазы өзінің анасы, ауданымыздың белгілі өнерпазы, аудандық музыка мектебі Үрпек ауылындағы филиалының меңгерушісі Айшат Шәкірқызы Нұрманбетова.
Асқардың болашағына қазылар осы байқауда үлкен үміт артты. Бүгінгі күні ол өзінің күйшілік қабілетін одан әрі ұштап, дайындығын арттыра түсуде.
Асқарға жерлестері, үрпектіктер "әрдайым асқардан көріне бер" деп тілек білдіруде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓