«Әділет кеңес береді»

Осындай атаумен «Нұр отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында қоғамдық акция болып өтті. Оған облыстық партия филиалы, облыстық әділет департаментінің басшысының орынбасары Нұржігіт Панбаев қатысып, азаматтардың қойған сауалдарына жауап берді. н9р отанҚоғамдық қабылдауға көкейінде жүрген көп сауалға жауап алу мақсатында қала тұрғындары жиналды. Шара Қазақстан республикасы үкіметінің «2012-2014 Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетін жоғарлату бойынша кешенді жоспары туралы» қаулысына орай ұйымдастырылып отыр. Сауалдардың барлығы дерлік азаматтардың жекелеген мәселелеріне қатысты. Осы ретте, азаматтарға алимент өндіріп алу, ажырасу кезінде қандай құжаттарды дайындау керектігі негізінде кеңестер мен түсініктемелер берілді.
 
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓