Үштікке жетелеген үш ұпай (БЕЙНЕШОЛУ)

Футболдан Қазақстан чемпионатының 4-турында "Тобыл" өз алаңында "Таразды" қабылдап,жеңіске жетті.
Ойын жылдам қарқында басталды. Небәрі 5 минутта қонақтар қауіпті шабуыл жасады. Қостанайлық қорғаушы Ф.Кассайдың қателігін пайдаланған А.Таубай алға ұмтылып, шабуылшы М.Фещукке пас берді. Соңғысы теңбілді жерлетіп тепкен, алайда, қақпашы Д.Непогодов өз орнынан табылды. "Тобыл" Д.Деспотовичтің көмегімен жауап қайырған. Бұл жолы тараздық қақпашы жылдамдық танытты. Ол шабуылшының шиыра тепкен добын бұрыштамаға шығарды.MXh8WG52u2U Содан соң "Тобылдың" оң қапталдағы қорғаушысы Д.Мирошниченко қарсыласты алдап өтіп, айып алаңына пас асырды. Команда капитаны Т.Шимковичтің жантая бере қиялай ұрған соққысына тараздықтар тағы да тосқауыл болды. Іле-шала орындалған бұрыш добы Қостанай жігіттеріне нәтиже бермеді. Бірінші тайм аяғына таман "Тараздың" жартылай қорғаушысы А.Горбанец айып добын көтерді. Бірақ, ҚР ұлттық құрамасының қорғаушысы С.Малый допқа биік секіріп, қауіптің бетін қайтарды.WPalyzOUIFk"Тобыл" футболшылары екінші таймды мүлдем басқа қарқынмен бастады. 50 минутта А.Тағыберген тура паспен Д.Деспотовичті тапты. Ал, Джордже айып алаңына жақындап, оң жақ бұрышқа шірене тартты. Есеп – 1:0!
Келесі сәтте Г.Сартаков он метрге жуық тұстан тепті. Тағы да Логиновский! Ол өзіне тура бағытталған соққыны қайтара алды. Бүгін "Тобылдың" бұрынғы қақпашысы өзін өте жақсы қырынан танытты.
 

Мұнан соң кездесудің бас төрешісі Т.Кумашев "Тобыл" капитаны Т.Шимковичті алаңнан қуды. Тоқсан минут та түгесілді. Осылайша, "Тобыл" кезекті 3 ұпайына қол жеткізді. Келесі ойын 4-сәуірде, "Затоболец" стадионында "Ордабасыға" қарсы өтеді.

"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓