Спорт сарайы ашылады
Бүгінде облыстың кез келген аудан, қаласында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп, оған қаражат та аз құйылып жатқан жоқ.
2013 жылы осы мақсатта Қостанай қаласында теннис орталығының құрылысы басталған болатын. Жоба құны 904 млн. теңге. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы В.Эпованың айтуынша, аталмыш спорт кешені келер жылдың тамыз айында тапсырылатын болады.