Балықшы суға кетті
Қарасу. 31 қазанда Братское селосының маңындағы Красный Октябрь көлінде екі балықшының біреуі суға кетті. 1967 жылы туған азамат өзен бетіндегі мұздың дұрыс қатпағанына қарамастан балық аулауға шыққан. Суға кеткен адамның денесін жергілікті тұрғындар, аудандық ішкі істер бөлімі, Октябрь селосындағы жеке тұрған өрт сөндіру бекетінің 3 қызметкері іздеп, шығарып алады.