Елбасы ҚР халқына алғыс айтты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының құттықтауын Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы барысында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты.
"Алғыс айту күні – біздің мемлекеттік күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше мереке. Жас мереке болса да, бұл күн терең тарихымыздың белгісі. Ол сол бір қиын кездерді еске алып тұрады. Ол кезде адамдардың ең құнды қасиеттері қайырымдылық, рақымдылық пен өзара көмек болатын", – деді Президент.
Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Алғыс айту күнін тойлап жатыр. 2016 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелерге өзгеріс енгізу туралы қаулыға қол қойды. Осылайша елімізде екі жаңа мереке пайда болды – Алғыс айту күні мен Геологтар күні.