Жылқылардан қауіпті вирус табылды

Қостанай облысының бес ауданында жылқылар зардап шегетін жұқпалы аурудың өршігені анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».20170403181130Бүгін Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбай хабарлағандай, бұл қауіпті жұқпалы ауру «биелерді абортқа әкеліп соқтыруда». Бұл қауіпті ауру буаз билердің 90 пайызында кездескен. Жергілікті мал зертханалары анықтаған «ринопневмония» диагнозын Ұлттық ветеринария бойынша референт орталығы бекітті.
Қайыпбайдың айтуынша, қауіпті вирустық аурудың өршуі облыстың бес ауданында – Алтынсарин, Аманкелді, Әулиекөл, Қостанай және Меңдіқара аудандарында тіркелген.
Берікжан Қайыпбай ринопневмонияның соңғы жылдардағы жылқышылықтың дамуына кері әсерін тигізіп, жылқылар санын азайтуға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін мәлімдеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓