Алдын алу шаралары өтті

Қостанай облысы аумағында Тобыл өзенінен бастап, көптеген салалы су айдындары бар. Өңір бойымен ағатын өзен-көлдерде мөңке, табан, шортан, алабұға, оңғақ сияқты балықтарды кездестіруге болады. FullSizeRender-24-02-17-10-13-4Қысқы уақытта сол айдындарда балықтын қырылу қаупі төнеді.  Бүгінгі күнге бекітілген су айдындарында пайдаланушыларымен, бекітілмегендерінде жергілікті тұрғындармен балықтың қырылу қаупіне қарсы 4803 қуыс, 95 мұзойық ойылып, 522 қамысты баулар орнатылып, 10180 м3 су айдалды. Аталмыш жұмыстарға 54 көлік пен жүзге жуық адам қатысты.FullSizeRender-24-02-17-10-13
FullSizeRender-24-02-17-10-13-1Балық және басқа да су жануарларының қырылуына жол бермеу мақсатында Қостанай облысының тұрғындарынан, егер жаныңызда орналасқан су айдынында осындай қауіп төніп тұрса, селқос қарамай, жедел 8(7142) 54-00-53, +77772722486, +77055445441 нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.FullSizeRender-24-02-17-10-13-5
Маржангүл Дандубаева,
«Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓