Қар құрсауынан құтқарды

Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қар басқан бірнеше елді мекендерден көмекке зәру тұрғындарды шығару бойынша құтқару операцияларын жүргізді.20170223194949Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев кентінен төрт науқас тұрғын ауруханаға жеткізілді. Жүкті әйел, мүгедек және диагнозы анықталмаған екі тұрғын және олардың туыстары жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» көлігімен эвкуацияланды. Науқастар магистральді автожолға дейін жеткізілді және жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.20170223195011Одан кейін құтқарушылар Қарасу ауданына барып, қар басқан жолда тұрып қалған «КамАЗ» көлігінің екі жолаушысына көмек көрсетті. Оларды да жақын орналасқан Қойбағар кентіне, жергілікті билік өкілдеріне табыстады.
Арқалық маңындағы Екінді кентінде жүрек талмасы ұстаған 50 жастағы әйелге көмек қажет болды. Оны да Арқалық өңірлік ауруханасына «Нива МАРШ – БРОНТО» көлігімен эвакуациялады.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓