Ауқымды жұмыстар атқарылды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 “Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес, 2016 жылдың 26 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Жангелдин ауданының ауыл, ауылдық округ әкімдері жоспарлы кестеге сай халық алдында есеп берді.IMG_0224
Барлық есеп беру кездесулерге аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин және жауапты мекеме басшылары қатысты. Соңғы екі жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламаларға ат салысып, шаруа қожалықтарының шеңберін енді ғана кеңейтіп келе жатқан Жаркөл ауылдық округі бүгінгі біздің басты әңгімеміз болмақ.
Жаркөл ауылдық округінде 2015 жылы атқарылған және алда атқарылатын жауапты міндеттері туралы, округ әкімі Берік Әубәкіров баяндады. Ауылдық округке қарасты 4 елді – мекендегі тұрғылықты халық саны – 1259. Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек, ауылдық округ бойынша жұмыссыздық деңгейі -0,1%, былтырғы жылмен салыстырғанда -0,3% төмендеген. Ал кедейшілік деңгейі де былтырғы жылмен салыстырғанда 0,3 пайызды айналып өтпеген сынайлы. Жұмысқа тұрғызылған жұмыссыздар 54 адам, қоғамдық жұмысқа 23 адам тартылған. Бұл округта мал шаруашылығымен айналысатын 19 шаруа қожалықтары бар. Оның сыртында 8 жеке кәсіпкердің бесеуі жергілікті тұрғындарды арзан бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етеді екен. Қалған кәсіпкерлер мал шаруашылығымен айналысу үшін “Жұмыспен қамту -2020” жол картасының 2-ші бағыты бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау аясында несие алып кәсіптерін дамытып отыр. Осы бет – бұрыстан таймаса жол бойындағы ауылдық округтің экономикасы анау айтқандай жоғарлайтыны да сөзсіз.IMG_0219
“Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кең көлемдегі іс – шаралар жоспарымызда бар. Оның сыртында Бұзылған үйлердің орындарын тазалап қалыпқа келтіріп, ауылдың көркіне сән кіргізсек деген ойда жоқ емес. Ұлт азаттық көтерілістің 100 жылдығына байланысты “Татыр” ескерткішіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді жаз айында қолға аламыз. Бұл орайда ауыл кәсіпкерлерінің көмегі ауадай қажет. Тоқанай елді мекенінің көшесін жарықтандыру, тағы да басқа жұмыстарды алдағы уақытта ауыл тұрғындарымен кеңесе отырып, жасаймыз”, – дейді округ әкімі Берік Өтепбергенұлы.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары сын – пікірлер мен ұсыныстарын ашық жеткізді. Аудан басшысы алдағы уақытта тұрғындардың тарапынан жасалған ескертпе, ұсыныстардың нәтижесі жүйелі түрде оң шешімін табу керектігін округ әкіміне тапсырып, міндеттеді.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓