Түтінге тұншығып қаза тапты
Оқиға Ұзынкөл ауданында болған. Марқұмның өмірмен қош айтысуына өзінің жеке баспанасында мас күйі төсегінде темекі шегуі себеп болған.
Облыстық ТЖД берген мәліметке сүйенсек, улы газға тұншыққан 47 жастағы әйел мен 31 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген. Ер кісі есін жимаған қалпында дәрігерлер алында көз жұмды.
Жалпы, жыл басынан бері облыс көлемінде нақ осындай оқиғалар салдарынан бес адам жапа шеккен. Олардың біреуі – бала. Бір азамат табиғи газға уланып көз жұмған болатын. Көлікжайдағы "Ауди" автомобилі салонынан денелері табылған екі адамның да улы газға тұншығып қаза тапқаны анықталды.