Дәрігер өлі табылды

Кеше Қостанайда танымал дәрігер, облыстық психиятриялық диспансерінің бұрынғы басшысы Рашида Сандыбаеваның қатыгездікпен өлтірілген денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. братышҚостанай облыстық ІІД бұл ақпаратты қысқаша түсіндірді, яғни олар адам өлтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталғанын ғана айтып отыр. 
Сонымен қатар, Қостанайда дәрігердің бірнеше жерінен пышақталып өлтірілгені туралы ақпарат қызу талқылануда. Дереккөз бойынша, Сандыбаева жалғыз өмір сүрген. Туыстарынан тек екі бауыры болған.
Рашида Сандыбаеваны еске алу туралы хабар Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының сайтында жарияланған. Оның авторлары атап өткендей, ол өмірінің 30 жылын медицина саласына арнаған.
 
Сурет kstnews.kz сайтынан алынды

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓