Жығылып жатып жол нұсқаған…
Қостанай қаласының Қайырбеков және Көбеев көшелерінің қиылысында осыдан бірнеше жыл бұрын ғана орнатылған бағдаршам бағаны құлап жатыр. Ол сынған жерінен үзілмеген күйі қисайып барып жаяу жүргіншілер өтетін жол шетіне түскен. Кешелі бері соққан бұрқасынға шыдас бермеген болу керек. Жол қозғалысын реттегіш құрал бел ортасынан сынып жерде жатса да, жұмысын тоқтатпапты. Әдетте жұртшылықтың аздаған жел соқса болды имек мойны тербеліп тұратын бағдаршамдар құлап кетпей ме деген үрейі бұған дейін талай айтылып жүрді.- Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні соққан желдің күштілігі секундына 15 метр болған. Бұл аса қатты жылдамдық саналмайды, – деді «Қазгидромет» РМК өңіріміздегі филиалының кезекші синоптигі Т.Косенко.
Біз бұл жөнінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінен жауап күтіп отырмыз.
Қыдырбек Қиысханұлы.
Сурет әуесқой түсірілім.