“Тең мүмкіндіктер” – ұтымды жоба
Осы күні мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың еркін жүріп тұру мүмкіндігі – өзекті мәселелердің бірі.
Олар азаматтардың білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелеріне кіріп-шығуы кезінде қиындықтарға тап болады. Санитарлық аймақтардың және пандустарды жабдықтауда кедергілер бар.
Ащы шындық – мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың басым бөлігі, қалыпты өмірге қайта оралуға қажетті көмекті ала алмай отыр.
Мәселені классикалық тәсілдерді қолданып шешуді ысырып тастап, ол тек «олқы адамдар» проблемасы деген ұстанымнан бас тартып, оны жалпы қоғам проблемасы ретінде қабылдап, шара қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Осыған орай, облыс прокуратурасымен «Тең мүмкіндіктер» Жобасы әзірленуде. Осы Жоба мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған инфрақұрылымдар мәселесін шешіп, қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктерге тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді.