Иесіз тұрғын үйлер – прокуратура бақылауында

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта аса маңызды болып табылады. Осыған байланысты, облыс прокуратурасы рәсімделмеген пәтерлерде ұзақ уақыт бойы тұрып жатқан азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жобаны жүзеге асыра бастады.m.kajbzhanov
– Бұл жағдайды біз азаматтардан түсіп жатқан өтініштер арқылы көріп отырмыз. Олардың әрқайсысы қажетті заңдардың жоқтығына байланысты бұл тұрғын үйлерді рәсімдеудің мүмкін еместігін айтады, – деді облыс прокуроры Марат Қайбжанов.
Талдау көрсеткендей, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында босап қалған пәтерлерге жаппай орнығып, оларды өз қаражатын салып жөндеген азаматтардың тұрғын үйге деген құқықтары заң жүзінде реттелмеген.    
Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде халықтың бұл мәселесін шешіп, иесіз меншікті басқарудың әсерлі іскерлік концепциясы жасалатындығына облыс прокуратурасында сенімді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓