Тазалық – қауіпсіздік кепілі

Қалаларды тұрмыстық қалдықтармен ластау проблемасы бұрыннан бүкіл әлемде өзекті проблема болып отыр, және бұл мәселе Қостанай облысын да айналып өткен жоқ. Мәселен, қазіргі таңда қалдықтар көлемінің жылдан жылға өсіп келуіне байланысты Қостанай қ, «Северный» полигонының пайдалану мерзімі 7 жылды ғана құрайды (жылына шамамен жарты миллион текше метр қалдық жиналады).1333337676_subbotnikЕуропа елдерінде бұл проблема 40%-дан 70%-ға дейінгі тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу арқылы шешілуде, қалғандары кәдеге жаратылады немесе өртеніп жіберіледі. Салыстыратын болсақ, Қазақстанда 3 % жуық қалдықтар өңдеуге жіберіледі.
Шіріген қалдықтар топырақты, улы булар ауа мен суды уландыруы мүмкін, бұл өз кезегінде біздің денсаулығымға және жақындарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Дүниежүзілік тәжірибені алып қарайтын болсақ, заңдар өздігінше қоғамда жаңа экологиялық тәртіпті орнатпайтынын көрсетеді, оған тек қоғамдық қатынастырдың белгілі бір жүйесі және халық мәдениетінің жоғары деңгейі ғана мүмкіндік береді.
Басқаша айтқанда, облыстың әрбір тұрғыны жасына және әліуметтік жағдайына қарамастан, қалдықтар санын қысқарту жұмысына күнделікті қатысуы мүмкін және міндетті.
Осындай амалды қолдану үшін, облыс прокуратурасы әкімдікпен бірлесіп «Қауіпсіз қалдықтар – біздің ортақ міндетіміз» атты жоба іске асыруда, оның мақсаты тұрғындардың экологиялық мәдениетін және қоқысты сұрыптау мен өңдеу үдерісін ынталандыруды қалыптастыру арқылы үйінділерде орналасқан қалдықтарды азайту болып табылады.
Қостанайда пластик бөтелкелерін, қағазды, шыны ыдысын және қаңылтыр банкілерді бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған, а.ж. 1 қыркүйгінен бастап мекетептердің оқу процесіне қалдықтармен қауіпсіз айналасу тақырыбы бойынша сабақтар енгізілген, ХҚО-да және қала орталығында насихаттайтын әлеуметтік ролик көрсетіледі.
Алайда, кәсіпкерлердің белсенді қатысуынсыз қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша тиімді жұмысқа қол жеткізу мүмкін емес, өз кезегінде кәсіпкерлерімізді батыс елдерінің тәжірибесі қызықтыруы мүмкін, себебі онда қоқысты жинау мен өңдеу әлдеқашан табыс көзіне айналған.
Бүгінгі күні кез келген кәсіпкер осындай бизнесті ашуы мүмкін. Кеңес алу үшін «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жүгінуге болады (8 (7142) 50-01-66).
Осы саладағы бұзылған құқықтарды қорғау үшін кез-келген адам облыс прокуратурасына, оның ішінде 54-57-34 телефоны бойынша хабарласуы мүмкін.
Айтылғандарды қорыта келе, өзіміз үшін және балаларымыз үшін таза экологияны сақтау мақсатында, зиянды қалдықтарды (пластик, шыны, батарейкалар және т.б.) үйінділерге шығарылуына жол бермеу үшін сұрыптау арқылы тұрмыстық қалдықтармен қауіпсіз айналасуды қамтамасыз етіп, елді мекендерде барынша тазалықты сақтауға барлық азаматтарды шақырамыз.
 
 
Жобаға жауапты облыс прокуратурасының
1-ші Басқармасының прокуроры
Е.Е. Байжанов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓