Дамудың даңғыл жолында

Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан кейін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен үкімет отырысы өтіп, алдағы үлкен науқанды жүзеге асыру талқыланған болатын. Ендігі үлкен басқосудың кезегі өңірімізге келіп жетті. Аймақтың атқамінерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, партия өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, ЖОО жетекшілері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысқан алқалы жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жолдаудың негізгі бағыттарын айтып, соның ішінде біздің облысымыздың атқаратын негізгі міндеттерін нақтылап берді. Әрине, барша халыққа арналған құжаттың Қостанай өңірі үшін тиімді тұстары көп – инвестиция жүргізе отырып, көлік индустриясын дамыту, соның ішінде электромобиль өндірісін дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, тау-кен өндірісінің маңызын сақтап қалу._MG_1828Қазір еліміз Индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асырып келеді. Біздің өңіріміз де бизнестің әр саласы бойынша бірқатар жобаларды әзірлеп, оларды іске қоспақ. Дегенмен, А.Мұхамбетов бұлардың арасындағы кейбір жобалар жүзеге асырылмай жатып, тоқтап қалуы мүмкін екенін айтты. Себебі, бизнес өкілдерінің кедергілерге тап болуы, қаржылық қиындықтар, құжатбастылық немесе дәл осындай өнеркәсіп қатарлас облыстарда, көрші республикада ашылатын жағдайда аталған жобаның маңыздылығын жоғалтуына әкеп соғады._MG_1916
 
Ірі көлік шығаратын аймаққа айнала аламыз
Бүгінгі таңда біздің кәсіпорындар үшін шетелге шикізат нарығымен шығу қолайлы емес. Неғұрлым экспорттық сұранысы бар өнім шығару басты міндет болып тұр. Елбасы Жолдауында Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керектігі баса айтылған. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленген. 6 жоба жүзеге асырыла бастаған болса, оның 2 жобасы іске қосылды. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт. Шетелдік компания мен қазақстандық «Allur Group компаниялары тобы» АҚ арасында ірі жоба басталып кетті. Өткен жылы өңіріміздегі автоөндіріс алаңынан 12 электр көлігі шығарылған. Әрине, әзірге бұл өнімді халық арасында кеңінен тарап кетті деуге келмейді. Қалаларда көліктерді станциялардан да, жеке үйден де қуаттайтын, басқа да техникалық қызметтер көрсететін инфрақұрылым жасалған жоқ. Бірақ қазіргі уақытта зауытты қондырғылармен жабдықтау 70% жетті. Аймақ әкімі бұл жұмыстарды жедел түрде бір жарым айда аяқтап, толықтай көлік жасау бағытына көшеміз деді:
– Аймағымыздың экономикасына қан жүгіртіп отырған саланың бірі – тау-кен өндірісі. Облысымыздағы ең ірі саналатын Соколов-Сарыбайдың шикізат қоры сексен жылға жетеді. Сол себепті, біз басқа аумақтардан шикізат қорын дайындап қойып, барлау жүргізуіміз қажет._MG_1854Қазақстанның стратегиялық мақсатының бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% жеткізу керектігін Мемлекет басшысы айрықша атап өтті. Біздің өңірімізде өткен жылы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 800-ге жуық бизнес субъектісіне 2 млрд. теңгеден астам шағын несиелер берілген. Биыл бұл бағыттағы қаржыландыру екі есеге артып отыр. Егер қаражат қарқынды игерілетін болса, қосымша тағы қаражат бөлінеді деді А.Мұхамбетов.
 
Көп түйткілдің түйінін шешетін кешен
Аймақ басшысы сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау мөлшерінің азаймайтынын, алайда мемлекеттен жеңілдікпен қаржыландыру жүйесі өндірістің тиімді деген салаларына бағытталатынын қадап айтты. Тобыл өңірі ауыл шаруашылығын әртараптандыруға айрықша мән беру керек. Қазіргі уақытта облысымыздағы егістік жердің орташа 300 мың гектарына ғана майлы дақылдар өсіріледі екен. А.Мұхамбетов бұл көрсеткішті алда екі есеге дейін арттыруымыз керек деді.   
Жолдауда айтылған тағы бір айрықша тапсырма – жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге біріктіру. Бірнеше ұсақ шаруашылық бірігіп, кәсіпорынға айналса, оның дайын өнімдерін аймағымыздан тыс экспорттауға мүмкіндік бар. 2016-2018 жылдары облысымызда 1444 отбасылық бордақылау алаңы мен 54 сүт қаылдау пункті құрылмақ.
– Бизнесті дамытуға және жаңадан бизнес ашу үшін шағын несиелеуге мемлекет үстіміздегі жылы 3 млрд. теңгеге жуық қаражат бөліп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда экологиялық таза азық-түлік өнімдерін тұтынуға барлық жағдайлар жасалған. Және ондай өнімдерді беріп отырған көптеген кәсіпорындарымыз бар, – деді сөз алған Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов._MG_1873Ал биылғы көктемде қар ерісімен, облысымызда агроөндірістік паркінің құрылысы басталады. Оның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Барлық коммуникация тартылған бірнеше мың шаршы метрлік алып тоңазытқыш кешен іске қосылса, онда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты өтіп тұрмақ. Парк аумағында барлық қажетті сертификаттар мен рұқсат қағаздарын беретін мекемелер орналасады. Және ол жерде кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге орындар жалға беріледі:
– Кәсіп иесі агроөндірістік паркінен сақтау қоймасын тегін алды. Яғни, оның жабдықтарға деп алған несиесі өзінде қалады да, қалағанынша шаруасын жүргізе алатын мүмкіндігі бар. 5-6 жылда аяғына тұрған ол өзіне жеке кәсіпорын ғимаратын салып алады. Ал агроөндірістік паркіндегі босаған орынға кәсібін енді бастаған екінші шағын бизнес өкілі келіп орналасады. Осылайша жалғаса береді. Біз бұл агроөндірістік паркін Челябіге шығатын халықаралық дәліз жолына салмақпыз, – деді А.Мұхамбетов._MG_1867
 
Баспана, газ, жол құрылыстары қарқын алады 
Биыл өңіріміздің республикалық маңызы бар 300 шақырым автокөлік жолы жаңартылады. Облыс басшысы Қамысты-Денисов аралығындағы 40 шақырым тас жол осы жылы аяқталады деді. Ал Рудный мен Денисовты жалғайтын 114 шақырым жер жөнделіп қана қоймай, жалпақтығы 6 метрден 9 метрге дейін кеңеймек. Алдағы бірнеше жылда облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жүргізілмек.
Сонымен қатар, бүгінгі күні батыс пен орталық және солтүстікті жалғайтын дәлізді жүргізудің бірнеше жобасы қарастырылуда екен. Үлкен жол аймағымыздың Арқалық, Аманкелді, Жангелдин аудандары арқылы немесе Әулиекөлден Денисов, Қамысты өңірлері мен Ақтөбені жалғауы мүмкін. Бұған қоса, өңірді көгілдір отынмен қамту күн тәртібінен түспейді деді әкім. Алдағы уақытта Аманқарағай, Әулиекөл, одан әрі Құсмұрынға газ тарту жұмыстары бар. Кейін Меңдіқара ауданы тұр._MG_1848Айтпақшы, биыл өңірімізде 18 мың адамды жұмыспен қамту науқаны тағы бар. Аймақ әкімі жоғарыдағы жолдардың құрылысы жүргізілген кезде, мердігерлерге жұмыссыздарды тым болмағанда жаздың 5-6 айында еңбек қамтуды тапсырды.    
Биыл Қостанайдың «Юбилейный» шағын ауданына коммуникация тарту басталады. Онда 200 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда. Ал Кейкі батырға арналған ауқымды шара алдында Арқалық шаһары да ажарға енбек. Жалпы біркелкі заманауи үлгіде салынған үйлер, тегіс жолдар, жаңа аялдамалар, көгалдандыру, ТКШ-нің сапалы жұмысы кез келген қала келбетін кіргізіп тұратыны анық деді облыс әкімі. Бұдан бөлек, өңірімізде құрылыс жүргізу мен құрылыс материалдарын өздері шығаратын кәсіпорындар бар. Мәселен, «Қостанай минералдары» АҚ «Қолжетімді баспана» жобасын жүзеге асыру барысында құрылысқа пайдаланылатын материалдардың 70% компанияның өзінен шығарылуда.
_MG_1840
Жолдауды жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар
А.Мұхамбетов сонымен бірге елдегі қауіпсіздік, жемқорлықпен күресті күшейту мен оның алдын алу мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Осы және жоғарыда айтылғандардың барлығы бұдан былай халық арасында кеңінен насихатталуы керек. Осыған байланысты біздің облысымыздың да түсіндіру тобы құрылған деді:
– Мемлекеттік орган жетекшілері, ЖОО басшылары, БАҚ редакторлары, зиялы қауым өкілдері бар 57 адамнан құралған насихат жұмыстары өңірімізді аралап, Жолдаудың барлық тетіктеріне тоқталып, оның нақты жүзеге асырылуын тұрғындарға жеткізетін болады. Бұдан бөлек, аудан-қалаларда да осындай түсіндіру топтары құрылып жатыр. Бұл науқан жайында БАҚ беттерінде кеңінен таратылып айтылу керек._MG_1860
 
Жиын барысында Жолдауға қатысты түрлі сала мамандары пікірлерін білдірді.
 
 
_MG_1904Мираш Жұмашев, ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры:
 
– Жолдауда көретілген макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты оң қадамдар жасауымыз керек. Басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. Соның ішінде тиімсіз несиелерді азайту мәселесі де бар. Біз бір жарым жыл инфляциялық таргеттеу режімін қолданып келеміз. Соны дамыту қажет. Қазіргі инфляцияның 8,5% деңгейін біртіндеп 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткіземіз. Мұның барлығы Үкіметпен бірлесіп шешетін жұмыстар. Оның ішінде бизнес саласына айрықша қолдау болайын деп тұр.
 
 
 
 
 
 
 
_MG_1886
Александр Корчинский, «Ирина и К» Агрофирмасы» ЖШС директоры:
 
– Елбасымыздың бастамасымен дүниеге келген «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы Тобыл өңірінде де сәтті жүзеге асырылды. Біздің компаниямыз аталған бағдарлама бойынша 14 мың шаршы метр баспана салды, қосымша жүзден астам адам жұмыспен қамтылды. Құрылыс саласында тұрғын үй, инженерлік, коммуникациялық, инфрақұрылымдық желілерді тарту жүргізілді. Биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша қолға алынатын шаруалар аз емес. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы аясында біздің компания үстіміздегі жылы 3 млрд. теңгеден астам қаражатқа 470 пәтер салуды жоспарлап отыр. Мемлекеттің құрылыс саласын инвестициялауы тұрғын үйлердің артуы ғана емес, құрылыс материалдарын да жаппай өндіруге ықпал етеді.
 
 
 
 
 
 
_MG_1912
_MG_1901
_MG_1895
    Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ             
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓