Отандық рельстер төселе бастады
Рудный. "ССКӨБ" АҚ өндіріс учаскесіндегі импорттық магистральды рельстерін Ақтөбе зауытының шойын жолдарымен алмастыру қолға алына бастады.
Еуразиялық топ (ERG) жаңа қанатқақты жобаны жүзеге асыруда. Яғни, бұрынғы Р65 импортты магистральдық рельстері отаныдық РП65 өнімімен алмастырылуда. Соны шойын жолдар "ССКӨБ" АҚ өндіріс учаскесінде максималды ауыр геологиялық жағдайда, шекті күшпен сыналады. Бұл туралы АҚ-ның ақпараттық орталығы хабарлайды.
"Ақтөбе рельс-мәткелік зауыты" ЖШС желтоқсан айының басында-ақ №2 Соколов карьеріндегі "Юбилейный" – "Предотвальный" бекеттері аралығына темір жол төсей бастаған еді. Қазіргі уақытта алмастырылған шойын жол қашықтығы – 2 462 метр. Қолданылған отандық өнім салмағы – 320 тонна. Импорттық рельстерден сапа жағынан еш айырмашылығы жоқ, тиімділігі – құнының арзандығында.