Кен қоры табылды
Қарабалық. Қостанай іздеу-таспаға түсіру экспедициясының мүшелері аудан орталығы маңынан магнетиттік кен қорын тапты. Алдын ала болжам бойынша, кеннің ауқымы 30 млн тоннаға дейін жетеді. Сондай-ақ, мамандар табиғи байлықтың өте тереңде жатпағанын айтып отыр. Яғни тереңдік – 8-20 метр. Алу қиынға түспейді, шығын көлемі де аз болмақ. Оның үстіне кен орны елді мекен қасында, электр желілері, авто және темір жолдар да қашық емес. Сынама бұрғылау арқылы кеннің үлгілері алынды. Әлі зерттеу жұмыстары жүргізіледі.