Маңызды құжатты талқылады
Әулиекөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Елбасының “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” Жолдауын талқылап, Президенттің таяу болашаққа қойған мақсаттары мен міндеттерін құлшыныспен қабылдады. Бөлім бастығы А.Төлендин маңызды құжатты іске асыруға аталған бөлім қызметкерлерінің де ерекше атсалысатындығын жеткізді. Сондай-ақ, басқосуда аудандық “Нұр Отан” партиясының төрағасы мен Әмит ишан мешітінің бас имамы да Жолдау туралы өз ойларын ортаға салды.
Қарлығаш Оспанова