Өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Қостанай облысының қылмыстық істері бойынша Мамандандырылған ауданаралық соты 39 жасар Алексей Супрядкин мен 37 жастағы Александр Коноваловқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
(сурет alau.kz сайтынан алынды)
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жылдың шілде айында Супрядкин моншаға арналған қайың сыпыртқыларын жасаушы болып жұмысқа орналасады. Осы аралықта ол Сарыкөл ауданына қарасты Соналы ауылында үй жалдап тұрады. Кейін жұмыс берушімен Супрядкиннің арасында жанжал шығып, басшысы оны соққыға жығады.
30 шілде күні Супрядкин мен Коновалов бұл оқиғадан соң ішімдікке сылқия тойып алады. Бұдан соң басшылары оларға жалақы бермеуі мүмкін деген күдікпен, оның көзін жоюға бел буады. Коновалов далада жатқан қайың шабатын балтаны үйге алып келеді. Бұл күні үшеуі де Супрядкиннің жалдамалы үйінде түнеген.
Супрядкин ұйықтап жатқан бастығын балтамен аямай соққылайды, жан тәсілім еткен марқұмның мүрдесін тас жолдың жиегіне тастай салады. Кейін екеуі ауылдан қашып кетіп, Рудный қаласында жасырынады. Сот үкімімен екеуі де айыпты деп танылды.
Сот Супрядкинді өмір бойы бас бостандығынан айырды. Коновалов жазасын 20 жыл бойы ерекше режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.
Сол керек!
Калай ғана адам өлтіруге болады екен? Адам емес екен