Антарктиданың биік шыңында – Қазақстанның мемлекеттік туы

6 желтоқсан күні барша қазақстандықтарға арнап ерекше сый тартылды. Еліміздің тарихында алғаш рет, Қазақстанның Тәуелсіздік күні мемлекеттік туымыз Антарктиданың ең биік нүктесі – Винсон шыңына (4892 м) орнатылды, деп хабарлайды egemen.kzflag-1Полярлық экспедицияға қатысушылар – белгілі альпинистер Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков ауа-райының өзгерістерінен кестеге енгізілген түзетулерге қарамастан, Винсон шыңына шапшаң шықты. Шыңды алар алдында, әрбір күн санаулы болып тұрған кезде, тұман мен қардың тоқтағанын альпинистер бірнеше тәулік бойы төменгі лагерьде күтіп отырды.
Qazaq Geography өңірлік өкілдігінің басшысы, экспедиция тобының жетекшісі Мағжан Сағымбаев былай дейді: «Осы таудың басына шығу үшін біз жарты жыл бойы саналы түрде бар күшімізді салып дайындалдық. Жоғары қарай көтеріңкі көңіл-күйде көтерілдік. Өзің үшін тауға шыққаның бір бөлек, ал елің үшін жасаған әрекетің мүлде басқа сезім тудырады. Тәуелсіздік күні барша қазақстандықтарға арнап осындай сый тартқанымыз үшін Ілияс пен өзімді мақтан тұтамын».
Экспедицияға қатысушы Ілияс Ғалымбеков «Ауа-райы жағдайына байланысты тауға шығу оңай болған жоқ. Қазір Винсон шыңында тұрып, бәріне де төзіп, соңына дейін жете алғанымыз үшін серіктесіме және өзіме ризамын. Осы уақыт бойы бізді қолдап келген барлық адамдарға алғысымды білдіремін», дейді.
Естеріңізге сала кетсек, экспедиция екі кезеңге бөлінген.
Бүгінгі таңда бірінші кезең өз мәресіне жетті – бұл Винсон шыңына шығып, тулардың орнатылуы. Винсон шыңы өзінің географиялық орналасуына байланысты «7 summits» альпинистік бағдарламасының күрделі биіктіктерінің бірі болып саналады. Осы жылы Винсонға көтерілген алғашқы күннен бері 50 жыл толды. Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбековтің шыңды сәтті бағын­дырғандарының арқасында Эльбрус пен Аконкагуа секілді мәнді өрлеулердің қатарына Винсон да кірді. Екінші кезең бірнеше күннен кейін басталады. Атлеттер Мағжан Сағымбаев, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин, сонымен қатар, командада дәрігер міндетін атқарып жүрген зерттеуші Дәулет Шәріпов Оңтүстік полюске қарай шаңғы экспедициясымен жүріп өтеді. Спортшыларға 217 шақырымға жедел маршты жүріп өтуге тура келеді.
«Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ (QazaqGeography) басшылық кеңесінің төрағасы, Назарбаев Университеттің ғылым мен инновация­лар бойынша вице-президенті Қанат Байғариннің айтуын­ша, «Тәуелсіздік Полюсі» атты бірнеше мағы­нада бірегей болып саналатын экспедицияны ұйым­дастырушылардың бірі Qazaq Geography-дан шыққан. Біріншіден, қатысушылар қоршаған ортаны ластайтын автокөлікпен емес, шаңғымен жүріп өткендіктен, бұл толықтай экологиялық экспедиция болып есептелінеді. Екіншіден, экспедиция барысында ғалымдардың жина­ған мәліметтері полярлық зерттеулер саласында жүр­гізілетін ғылыми жұмыстардың нық іргетасына айнал­мақ. Сонымен бірге, Антарктидада алғашқы қазақ­стандық ғылыми-зерттеу бекетінің ашылуына себеп болатын экспедиция Қазақстанға күшті әсерін тигізбек».

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓