Партия билеттері берілді

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері салтанатты түрде марапатталды. Тәуелсіздіктің құрдастарына «Нұр Отан» партиясының куәліктері берілді.IMG_0900Мерекелік іс-шараға қатысқан облыстық аурухананың бас дәрігері Владимир Стельмах медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Облыстың бас дәрігері тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын еске алып, өткенге шолу жасады. Бүгінгі бейбіт күннің жетістіктерін тізіп, денсаулық сақтау саласының жаңалықтарын паш етті.img_0855-Жоқшылық, таршылық адам баласын қайрай түседі. Біздің халқымыз өмірдің ыстығына күйді, салқынына тоңды. Қиындықпен күресе жүріп шыңдалды. Жарты жыл бойы еңбекақы алмай күнелткен заман өтті. Сол жылдары туу көрсеткіші де кеміді. Қазір біздің арамызда 1991 жылы туған ұрпақ бар. Олар тәуелсіздіктің құрдастары, жаңа толқын. Тоқырау жылдарына қарамай сәбиін дүниеге әкелгені үшін олардың ата-аналарына алғыс айтқым келеді,- деді облыстық аурухананың бас дәрігері Владимир Стельмах.IMG_0868 «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов дәрігерлер ұжымын құттықтап, тәуелсіздіктің құрдастарына партия билеттерін берді.  IMG_0890– Елбасы басқарған алып кеме «Мәңгілік елді» бетке алып, жүйткіп жүзіп келеді. «Кемедегінің жаны бір» демей ме. Бәріміз бір мақсат жолында бірлесе еңбек етейік. Еліміздің келешегі жарқын болсын. Сүйікті Отанымыз әрқашан гүлденіп, алға қарай дами берсін,-деді партияның ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов.IMG_0917
 
Қымбат Досжанова.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓