Рухыңды асқақтатады
Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ұлт Рухы" Тәуелсіздік аллеясының салтанатты ашылуы болды.
Мемлекетіміздің мерейтойы – басты басымдықтары бейбітшілік пен келісім болып табылатын қоғамымыздың бірлігінің дәлелі. Тәуелсіздік жылдарында елімізде көптеген игі істер, толағай жұмыс атқарылды. Ал ұлы жерлесіміз Бейімбет Майлиннің есімімен аталған аудан да көз алдымызда көктеп келеді. Мұнда жыл сайын жолдар жөнделіп, тротуарлар төселуде, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылған.
"Ұлт Рухы" Тәуелсіздік аллеясының бой көтеруі аудандағы биылғы жылдың маңызды жобаларының бірі десек, артық айтқандық емес. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Манасова, "Варваринское" АҚ өкілі В.Ефременко, аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, Тобыл кентінің ардагерлер кеңесінің өкілдері, тілшілер қауымы мен тәуелсіз Отанымыздың құрдастары қатысты.
Бұл жобаның демеушісі – "Варваринское"АҚ. Нысанның бой көтеуіне 16,5 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. "Ишимов" жеке кәсіпкерімен жасалған келісім-шарт аясында Аллея құрылысына кеспе тастар, 10 орындық (оның төртеуі смарт орындықтар), қоршаулар, жарықтандыруға 10 шам орнатылған. «Ұлт Рухы» жазуы бар кіреберіс қақпадан әрі өтсеңіз, домбыра түріндегі шағын архитектуралық мүсін, пирамида пішіндес теректер отырғызылғанына куә боласыз.
Б.Майлин ауданы.
Суреттер аудандық ішкі саясат бөлімінен алынды.