Такси паркінің аты – “Ризат”
Арқалық. Идеяны С.Жанабаев атты кәсіпкер іске асырды. Ол көліктер мен арнайы құрылғылар сатып алуға "Атамекен-Қостанай" ШНҰ" ЖШС арқылы 14,8 млн теңге жұмсаған. Такси паркі жанынан көлік жуу нысанын, ТҚС мен дәмхана ашып қойған. Әзірге жеті көлік такси қызметін көрсетеді. Болашақта парк ауқымын кеңейтіп, көлік санын жиырмаға дейін жеткізуді көздейді. Такси атауы – "Ризат". Бұл – бизнесменнің баласының есімі.