Ит иесі жазаланды
Рудный. Жеті жасар жеткіншекті қапқан иттің иесі 500 мың теңге моральдық шығынды өтейтін болды. Естеріңізге сала кетсек, иесімен серуенде жүрген пит бультерьер тұқымды ит жеткіншекке бас салған. Арашаға түскен баланың анасын да тістеп тастаған көрінеді. Ұзақ емделген балалы әйел сотқа арызданып, 2 млн. теңге моральдық шығын өндіруді талап еткен еді. десек те, сот талапты жартылай қанағаттандырған.