Алаяқтарға алданбас үшін…
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға шақырады. Әдетте, оңай олжа іздейтіндер қандай бір қиын іске бармайды. Олар үшін ең бастысы адамның сеніміне кіру жеткілікті.

Тағы бір мысал. 19 шілде күні қостанайлық 45 жасар әйел адамның ұялы телефонын белгісіз біреу қоңырау шалу үшін сұрап алған. Әлгі азаматша бөгде кісіні танымаса да телефонды қолына ұстатқан. Осы сәтте алаяқ зыта жөнеліпті. Жәбірленуші полиция қосынына шағымданғанмен, күдіктінің түр-түсін есіне сақтап қалмапты.
Әлібек Ыбырай